В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null 10 наурыздағы металдар нарығы

10.03.2017

Қарау саны: 48

; assetEntryID = 707473

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5782,0-дан $5655,0-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 268,5 мың тоннадан 327,3 мың тоннаға дейін артты.

Мыстың LME биржасындағы бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $5666,2, қаңтарда - $5737,4,  ақпанда - $5941,5, наурыз айының өткен күндерінде $5863,2 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннасына $5714,3-дан $5665,8-ға дейін арзандады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $6829,9-дан $6301,4-ға дейін арзандады. 

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 289,8 мың тоннадан 313,8 мың тоннаға дейін артты.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 9 наурызда мыс бойынша сауда-саттық Шанхайда Нью-Йоркте және Лондонда арзандады. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2701-дан $2655,5-ға дейін арзандады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 384,7 мың тоннадан 382,5   мың тоннаға азайды

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $2671,7, қаңтарда - $2713,0, ақпанда - $2848,4, наурыз айының өткен күндерінде $2713,3 құрады.      

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $3187,5-дан $3144,2-ға дейін арзандады.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 197,8 мың тоннадан 195,0 мың тоннаға дейін азайды.

9 наурызда биржа саудалары Лондон мен  Шанхайда арзандады. 

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынның кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1209,2-да $1206,56-ға дейін, ал күмістің бағасы $17,40-дан $17,14-ға дейін арзандады.

New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде алтынның троялық унциясы үшін баға $1208,5-дан $1202,4-ға дейін, ал күмістің бағасы $17,25-дан $16,99-ға дейін арзандады.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items