В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Өздері айтады сырларын

19.06.2017

Қарау саны: 38

; assetEntryID = 702927

Біз "Шығыстүстімет" ЖШС-нің кәсіпорындарында іске асырылып жатқан "Тәлімгерлік" жобасы туралы сан рет айтқанбыз. Жаңадан келген қызметкерлерді тәжірибелі әріптестері арқылы оқыту жаңадан ойлап табылған дүние емес. Мұндай жүйе кеңес заманында да қолданылған. Компания мамандары табысты жүйеге заман талабына және шахталар мен фабрикалардың қажеттілігіне сай өзгерістер мен толықтырулар енгізді. 

Білім алуды жақсы аяқтап, компанияда табысты жұмыс істеп жүрген мамандар туралы да аз айтқан жоқпыз. Осы жолы сөз тізгінін тәлімгерлердің өздеріне сөз беруді ұйғардық.

Звонцова Галина Михайловна - қалдық шаруашылығының ағын суларды тазалау жөніндегі 3 разрядтты аппаратшы: «Мен Белоусов кен байыту фабрикасының шламдарында 1980 жылдан бастап жұмыс істеймін. Бір кездері, яғни 1986-1996 жылдар аралығында Белоусов кенішінің шырағдан беру орнында жұмыс істедім. Кейін фабрикама қайтып келдім. Мен әктас сұйық әк арқылы шахталық суды тазалаймын, сағат сайын Глубочанка өзенінен шығатын жердегі судың pH - ын қадағалаймын. Бұл өте жауапты жұмыс. Себебі оған фабриканың экологиялық көрсеткіштері тәуелді. Мен көптеген тәлім алушыларды оқыттым. Барлығы есімде де жоқ. Тек Анатолий Иванов, Төлеген Жамбәкіров және Сергей Дикалов сияқты еңбекқор, әрі білімге құштар мамандарды атап өткім келеді. Олардың барлығы емтихандарын сәтті тапсырып, қазір фабрикада жұмыс істеп жүр. Жалпы біз корпоративтік құндылықтар аясында жұмыс істейміз: Қауіпсіз жұмыс істеу, яғни құдықтарды жабу, қоршаудың артына кірмеу және тұндырғыштың үстінен жүрмеу маңызды; ұзақ мерзімді тиімділік керек болса, жабдықтарды күтіп ұстау, яғни майлау, тазалық сақтау, күтіп, бастау қажет; ұжымымыз бір командадай берік. Ал адалдық барлығымызға тән қасиет болуы тиіс».

Кейде оқушылар емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін өздерінің тәлімгерлерімен бірге жұмыс істейтін кездер де болады. Ертіс шахтасы №3 учаскесінің тау-кен жұмысшысы, 3 разрядті үңгушісі Нұрғазиев Қуаныш Черьязданұлының жағдайы да осындай болды: «Ертіс шахтасына дейін мен гидромонитор маманы болып жұмыс істедім. Қазір, міне 9 жыл болды, үңгушімін. Кезінде оқышу ретінде атақты Чингалиевтің бригадасына келіп едім. Қазір өзімде тәлім-тәрбие берер деңгейге жеттім. Осы уақыт ішінде 5 оқушыны оқыттым. Мен оларға әрдайым шахтада 1 жыл шыдап шықсан болды, кейін оңай болады деп айтамын. Қазір өзімнің бұрыңғы оқушым, Қуаныш Сарбасовпен бір жұпта жұмыс істейміз».

Жанна Мұзапарова, ЕӨК

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items