В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Ұсыным берушілер

15.01.2020

Қарау саны: 110

; assetEntryID = 692711

2019 жылы қызметкерлер тарапынан KAZ Minerals Тобының бос жұмыс орындарына арналған ұсыныстарының саны өткен жылмен салыстырғанда 30% - ға өсті. Әріптестер рефералдық бағдарламаға қатысу үшін 1613 өтінім берді. Аталмыш бағдарлама бойынша кез-келген қызметкер өзінің таныстарын, бұрынғы әріптестерін, туыстарын және жай ғана білікті кәсіпқойларды Топтың бос жұмыс орындарына ұсына алады.

"Біз Ақтоғай және Бозшакөл КБК–дегі әріптестеріміздің белсенділігін қуана айтамыз, - деп атап өтті Әсел Қазбекова, "KAZ Minerals Management" ЖШС рекрутинг жөніндегі маманы, - Көбінесе қызметкерлер "бұрынғы әріптестерін" ұсынады – 40%. Сонымен қатар, "таныстар" да көп – 22%. Достар мен туыстар екі есе сирек кездеседі – 19%. Жалпы, әріптестердің корпоративтік жобаларға қатысу деңгейінің артуы бізді қуантады".

Қалыптасқан дәстүр бойынша рефералдық бағдарламаның үйлестірушілері әрбір табысты ұсынысқа, яғни, үміткер сынақ мерзімінен өткеннен кейін берілетін ұпайларды есептеп шығарып, жылдың үздік ұсыным берушілерін анықтады.

Биылғы жылы бағдарлама бойынша ең көп ұпай жинаған "KAZ Minerals Management" ЖШС әдістеме және бақылау басқармасының бас маманы Ботагөз Рахимова және "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС-нің өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушысы Бағдат Үмбетов. Олар бір-бір мыс белгішесіне ие болады.

Сонымен қатар, бағдарлама үйлестірушілері Қадыр Жиенбаевтің, Мұстафин Нұржановтың, Алексей Турдың, Александр Богатиковтің, Сергей Султановтың, Мейрамгүл Нұрмұхамбетованың, Нұркен Бощановтың ("KAZ Minerals Aktogay" ЖШС), Олжас Райымбековтың, Нұрсұлтан Өтегеновтің және Виктор Бондаревтің ("KAZ Minerals Bozshakol" ЖШС), Нұржамал Манкееваның, Нұрлан Алдановдың, Ғалым Берденовтің ("KAZ Minerals Management" ЖШС) үлесін атап өтуді сұрады.

"Біз барлық қатысушыларға осы бағдарламаға белсенді қатысып, қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз, – деді Әсел Қазбекова. - Бағдарлама Ақтоғай-2 байыту фабрикасын іске қосу аясында өте өзекті. Іріктеу кезеңдерінен өтпеген және жұмыс туралы ұсыныс алмаған барлық ұсынылған үміткерлердің түйіндемелері болашақта басқа бос жұмыс орындарына қарастыру үшін Топтың қызметкерлерді іріктеу бөлімінің базасында қалатынын еске саламыз".

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items