В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Үшінші тоқсанның үздіктері

09.11.2017

Қарау саны: 63

; assetEntryID = 699283

«Шығыстүстімет» ЖШС өкілдері 2017 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша лайықты марапаттарына ие болды. Компанияның және өндірістік кешендердің басшылары жеңімпаздарды дәстүр бойынша салтанатты түрде құттықтады.

Үшінші тоқсанның «Үздік фабрикасы» деп Ертіс өндірістік кешенінің Белоусов байыту фабрикасы танылды. Компанияның ең «көне» кәсіпорнының өз тұғырын бермей келе жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады.

«Үздік шахта» номинациясы тағайындалмады. Осы тоқсанда «Шығыстүстімет» ЖШС-нің өндіру құрамы өндірісте жұмыскерлердің ауыр жарақаттар алуына және қазаға ұшырауына әкеліп соқтырған жазатайым оқиғаларға жол берді.

Жалпы алғанда, тоқсан қорытындысы негізінде жұмыскерлер әртүрлі 14 номинация бойынша марапатталды. Кейбір марапаттар жұмыскерлердің жеке еңбектері үшін табысталса, кей номинацияларда бүкіл бөлімше мен ұжым жеңіске жетті. Бұған қоса, үшінші тоқсан осы жолы тәлімгерлер мен техникалық инспекторлардың еңбегінің алғаш рет атап өтілуімен де ерекшеленді.

«КәсіпҚазақмыс» кәсіподағының техникалық инспекторларының жұмысына білдірілген ықыласқа сүйсінерлік таң қалудамын. Бұл біздің өндірістің жұмыскерлерімен атқарылатын, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсартып, қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруға тамаша серпін береді. Өз атымнан барлығына зор денсаулық пен жұмыстардың қауіпсіздігін тілеймін, өмірдің барлық салаларында жоғары жетістіктерге жете беріңіздер», - деп ағынан жарылды Орлов шахтасының «Үздік техникалық инспекторы» және ВШТ-1 учаскесінің көтергіш машинасының машинисті Алмагүл Абулханова.

«Бөлімнің, қызметтің үздік маманы» – ТҚК жоспарлау, талдау және АБК жөндеу жөніндегі бас маман Андрей Карпов былай деді: «Өндіріс орнының тәжірибелі жұмыскерлерімен қатар, жалпылай есептегі құрметті әрі беделді орындарды жас мамандар да иеленуде, бұл оң көрсеткіш екендігі сөзсіз».

«Жұмыс ұжымы «Шығыстүстімет» ЖШС қызметінің жоғары бағаланғанына қуанышын білдіріп, оны мақтан тұтады. Біз қол жеткізілген жетістіктермен тоқталып қалмаймыз. Келешекте жоспарлы көрсеткіштерді қауіпсіз әрі тиісті деңгейде орындауды міндетімізге аламыз», - деді «Үздік қосалқы учаскенің» бастығы, дайындалған кеңістікті қалау учаскесінің КҚС маманы Сергей Сүлейменов.

Марапаттау аяқталғаннан кейін салтанатты шараның барлық қатысушылары мен қонақтары көркем өнерпаздар концертіне шақырылды.

 

Татьяна Маер,

Константин Докучаев,

Жанна Мұзапарова

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items