В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Үндемей қалма

10.01.2017

Қарау саны: 27

; assetEntryID = 710869

2016 жылдың үшінші тоқсанында KAZ Minerals-тың тікелей желісіне келіп түскен 14 хабарламаның тоғызы арнайы тексерістердің барысында дәлелденді. Құқықтық бақылау бөлімі шағымдар мен жеке сипаттағы хабарламалар азайғанын мәлімдейді. Қызметкерлер көбінесе  компанияның ережелері мен саясаттарының бұрмалануы туралы, сонымен қатар әріптестерінің жемқорлық іс-әрекеттері туралы хабарлайды.

2016 жылғы 10 қазанда KAZ Minerals Тобында Заңнаманы және этикалық нормаларды бұрмалау туралы хабарлау саясатының жаңарған нұсқасына (SpeakUp) қол қойылды. Компанияда бұл құжатты әзірлеу қажеттілігі бес жылдан астам уақыт бұрын Ұлыбританияда The Bribery Act (Пара туралы) заң күшіне енгенде пайда болды. Заң экстерриториалды сипатқа ие. Яғни, оның нормалары тек Ұлыбританияда жұмыс істейтін және Лондон қор биржасында тіркелген компанияларға  ғана емес, орналасқан жері мен азаматтығына қарамастан барлық еншілес компанияларға және олардың қызметкерлеріне қатысты. Сөйтіп, заңның күші Қазақмысқа, кейін KAZ Minerals Тобының барлық компанияларына әсер ете бастады. Британияның әділет министрлігі берген ұсынымдарға сәйкес компаниядағы жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерінің бірі – ол бұрмалаушылықтар туралы хабар беретін тікелей желінің болуы. Мұндай ақпарат арнасы Қазақмыста 2012-2013 жылдары пайда болып, қайта құрудан кейін KAZ Minerals-та қалды.

Орта есеппен бір хабарламаны тексеру 20 күнтізбелік күнді қажет етеді.

«Бұл саясат Топтың барлық қызметкерлеріне немесе өзге тұлғаларға, айталық, мердігерлерге қудалау мен кемсітуден қорықпай, проблемалық мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Құжатты жаңартқан себебіміз  - кейбір қарама-қайшылықтар мен ақауларды алып тастадық. Мәселен, тізімге қызметкерлердің лайықсыз іс-әрекеттерінің мысалдарын енгіздік. Алайда бұл бұзушылықтар осымен ғана шектеледі деген сөз емес. Өзінің құқығы бұзылғанын немесе заңнаманың, этикалық нормалардың бұрмаланғанын білген кез-келген адам бұл туралы хабарлай алады. Ал біздің міндетіміз – бұл хабарлама бойынша арнайы тексеріс жүргізу», – дейді Айдар Нұразханов, «KAZ Minerals Management» ЖШС құқықтық бақылау бөлімінің бастығы.

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің бірінде Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының талаптарын бұрмалау анықталған. Қызметкер болашақ қызметтерді жеткізушімен сыйбайласып, ақшалай сыйлық үшін оның компаниясымен келісім жасауға кепіл берген. Өзге мысал: «KAZ Minerals Management» ЖШС жабдықтау қызметінің маманы ТЖҚ (тауар, жұмыс, қызмет) сатып алу ережелерін бұза отырып, өзінің әжесі құрылтайшысы болған компанияның мүддесін басқалардан жоғары қойған. Құқықтық бақылау бөлімінің Топтың басқа қызметтерімен бірлесіп, жүргізген тексерістері тікелей желіге келген хабарламаларда айтылған жағдайларды дәлелдеді. Екі жағдайда да қызметкерлермен еңбек шарттары бұзылды.

Тікелей желі арналары:

Телефон желілеріне тәуелсіз компания қызмет көрсетеді. Аталмыш қызмет тәулігіне 24 сағат, демалыссыз және бірнеше тілде жұмыс істейді.

Лайықсыз іс-әрекет мысалдары (толық тізім Саясаттың 1-қосымшасында):

  • Топ қызметкерлерінің әріптестеріне қатысты дөрекілік, тәккапарлық және әдепсіздік көрсетуі.
  • Адамның абыройына нұқсан келтіре сынау
  • Жеке мақсатта қызметтік жағдайды асыра пайдалану
  • Іс-қызметті бағалау, сонымен қатар ынталандыру және жазалау шараларын қолдану кезінде басшының қызметкерге қатысты әділетсіздігі
  • Ұжымда діни көзқарасты ашық насихаттау, бағынышты қызметкерлерді қоғамдық, саяси және діни бірлестіктердің, өзге коммерциялық емес бірлестіктердің іс-қызметіне қатысуға мәжбүрлеу. 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items