В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.

null Үлкен Алтайдың шағын кубогы

03.03.2020

Қарау саны: 858

; assetEntryID = 692599

«Востокцветмет» футбол командасы «Үлкен Алтай Кубогы-2020» халықаралық турнирінің Шағын кубогын жеңіп алды. Бұл біріншілік Қазақстан мен Ресейдің түрлі кәсіпорындарының командаларын төртінші рет біріктіріп отыр. Осы жолы біздің елден екі команда қатысты – «Востокцветмет» және «ЛНП».

Топтық кезең біздің футболшылар үшін оңай болған жоқ. Жолдан шаршағандық әсерін тигізді – жарыстар өткен Барнаулға дейін біздің жігіттер автокөлікпен жетті. Бұдан басқа, жеребе көп нәрсені шешеді. Осы жолы қарсыластар өте мықты болды. Сондай-ақ, «5+1» ойын форматы да біздің футболшыларға үйреншікті емес. Нәтижесінде олар жарыстың Алтын кубогына таласа алмады.

Бірақ кейін спортшыларымыз жинақталып, жақсы футбол көрсетті, нәтижесінде бұл беделді турнирдің Шағын немесе, оның тағы бір атауы бойынша, Күміс кубогына ие болды. Бірінші ширек финалда Востокцветмет АПЗ Роторды сеніммен жеңіп өтті, жартылай финал ойынында УК Сибирскаяны жеңді, ал финалда Шағын кубокты үйге алып кетті. Біздің команда осы жарыстарға екінші рет қатысты және ілгерілеу айқын көрінуде – былтыр жігіттер бұл жарысты сынап қана көрген.

Еске саламыз, «Востокцветмет» футбол командасы – футболдан қалалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері.

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items