Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Әскерде болғандардың естеліктері

03.05.2018

Қарау саны: 0

ТМД елдерінде мамыр айының бірінші жартысы мерекелерге толы. Ал Қазақстанда қатарынан үш мерекені – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін, Отан қорғаушы күнін және Жеңіс күнін атап өтеді. Өткен жылдары біз әріптестерімізден ҰОС және Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан туысқандарының естеліктерімен (www.kazminerals.info сайтының «Медиаорталық» бөлімінде газетіміздің барлық нөмірлері бар) бөлісуді сұраған едік. Биыл әріптестеріміз Отан қорғаған жылдарын еске алды.


Мен 1980-1982 жылдар аралығында Краснознаменный  Ортаазиялық әскери округында Отан алдындағы борышымды өтедім. Әскери қызметті Алматы қаласында орналасқан әскери-құрылыс бөлімінде взвод командирінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары ретінде өттім. Мен «комиссар» болған рота өзге арнайы құрылыс бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстанның әскери аэродромдарының бірінде қосалқы командалық жерасты пунктын, сондай-ақ, әскери қалашықтардың аумағында тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды салды. Әскери қызмет маған көп ұлтты ұжымды басқарудағы таптырмас тәжірибе берді. Ол менің бұдан кейінгі азаматтық өміріме де септігін тигізді.

Менің әскери қызметімдегі ең қызықты жағдай мені әскер қатарына шақырардан жарты жыл бұрын орын алды. Жоғарғы оқу орнындағы әскери кафедрада 1974 жылы алған әскери мамандығым – жедел-тактикалық зымырандарды басқару взводының командирі. Мені повесткамен әскери комиссариатқа шақырып, құрылыс әскерлерінде қызмет етесін дегенде шамам келгенше бас тартуға тырыстым. Себебі, әскери мәселелермен айналысу үшін арнайы білім керек. Оның үстіне мен «ракетчик»-пін ғой. Ал менің сауалнамамда жерасты кенішінде жұмыс істегенім туралы жазба болғандықтан, жерасты командалық пунктын салатын сарбаздар ротасын да басқара аласын деді. Сөйтіп, партия жолдаған жаққа кеттім.

Қызметтес болған офицерлер есімде. Бірақ байланысымыз үзілді. Менің демобилизациямнан кейін бұл бөлім Восточный космодромын салу үшін басқа жаққа көшірілді. Менің ойымша әскери қызмет жас жігіттер үшін өте пайдалы. Ол мінезді қалыптастырады.


Семейғазы Мейрембаев, Орлов шахтасы су ағызу және жабдықтарды құрастыру учаскесінің шебері («Шығыстүстімет» ЖШС)

Мен Кеңес әскерінің қатарында 1985-1987 жылдары борышымды өтедім. Дала поштасы 31509. Өзім Семей облысы Жаңасемей ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келдім. Әскерге 1985 жылы шақырылдым. Оқу кезеңін Қырғызстанда өттім. Аламудин ауданында полигон мен сержанттар мектебі бар еді. Үш ай 20 күн болғанда Ауғанстандағы Құндыз өңіріне келдім. Ол жерде қорғаныс батальонындағы авторотаға түстім – біз снарядтарды тасымалдадық. Біздер, Кеңес одағында туғандар, әскердегі көп ұлтты ұжым таңқалдырмайтын. Ол біз үшін үйреншікті жағдай еді. Оқу кезеңінде мен Андижаннан келген өзбек Рысқұл Базарбаевпен (фотода) және Кавказдан келген Алик Мамедовпен достастым. 

Өзімнен кейін келген жерлестерімді қолдап жүрдім. Бесқарағайдан келген Володя деген жігіт есімде. Менің ойымша бұл қалыпты жағдай сияқты. Соғыс кезінде өзара құрмет, көмектесу және ауызбіршілік болған дұрыс. Әскерде солай болса, кейінгі өмірде де солай болады. Ауғанстан аптап ыстығымен есте қалды. Шығыс Қазақстанда аяз бен борандарды көрген мен үшін үйрену қиын болды. Қандай оқиғалар есімде қалғанын айту қиын. Қорқынышты болды. Себебі бұл жерде шынайы соғыс, майдан болды. Мұндайды ұмыту мүмкін емес. Қайта еске алып, айтқым келмейді. Өкінішке қарай жылдар өткен соң қызметтестеріммен байланыс үзілді. Қазір Алматы қаласы Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Сайлау Садықовпен жақсы араласамын. Онымен Астана қаласындағы госпитальда тыныстым. Ол да Құндызда, бірақ солтүстігінде әскерде болған. Телефонмен хабарласамыз. Мүмкіндік болып жатса, кездесеміз.

Әскер – ол өмір мектебі. Жігіт отбасы мен қара шаңырақтан алыс жерде шыңдала түседі. Әскер тәрбиелейді, табандылыққа үйретеді. Бұл қасиеттер әрбір ер адамға қажетті қасиет.


Қайрат Кәрменов, Орлов ӨК Жөндеу-механикалық цехы энергомеханикалық қызметтің слесарь-жөндеушісі («Шығыстүстімет» ЖШС)

Мені 1985 жылы мамыр айында Күршім ауданының Маралды ауылынан әскер қатарына шақырды. Оқыту кезеңінде Ашхабадта (Түркіменстан) болдым. Ауғанстанға баратынымыз Өскемен қаласында белгілі болып қойған. Ол жайында таңдауға келген прапорщик айтқан. Оның айтуынша Түркістандық әскери округ Ауғанстанға баратын болды. Қорқынышты болғанын жасырмаймын. Бізден ешкім ештеңе сұрамады. Біздің міндетіміз –Отан алдындағы борышымызды өтеу. Біз үшін бұл қалыпты көрінді. Ашхабадта жарты жыл оқыдық. 1985 жылдың қазан айында кіші сержант атағын алып, Құндыз өңіріне келдім. Бұл жерде Құндыз дивизиясындағы Ташқорғанның 122-мотоатқыштар полкіне жеттік. Бірден взвод командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Бұл үлкен жауапкершілік, бірақ менің қолымнан келді. Қараша айында командиріміз Юрий Юдин қаза тапты. Мен төрт ай бойы взвод командирінің міндетін атқардым. Сосын жаңа командир Самвел Амерян (фото) келді. Самвелді біз қатты сыйладық. Ол нағыз командир, бізге әскери іспен қатар, өмірлік кеңестерді де үйретті. Мен оған әрдайым алғыс айтып өтемін.

Алғашқы шайқас Құндызға келгеннен кейін бір айдан соң болды. Біз азық-түлік пен оқ дәрілер бар автоколоннаны сүйемелдедік. Қорқынышты болды. Көп нәрсені көрдік. 1987 жылдың наурыз айында қызметтің аяқталуына 100 күн қалғанда Пәкістанмен өзара қарым-қатынас  қиын болды. Үйге қайтуымыз қиындап кетті. Джелалабад, Кабул, Асадабад – тікұшақ, ұшақ, КАМАЗ, тіпті жаяу да жүрдік. Өңірдің жергілікті тұрғындары бізге мейіріммен қарайтын. Ал қалалықтар көзқарасы қатал болды. Ауғандықтармен түскен сурет кездейсоқ жасалды. Бізге фотоға түсіруге тыйым салынған еді. Кеденде фотосуреттер, пленкалар тәркіленетін. Мен бірнеше суретті сақтай алдым.

Қазақстанның әрбір ер адамы әскерге баруы тиіс. Отанды біз қорғамасақ, кім қорғайды? Әскер жастарды шынықтырады. Екі ұлым бар. Үлкені Ілияс жетінші сыныптан кейін «Жасұлан»-да оқып жүр. Төрт жыл болып қалды. Кіші ұлым Дияс сегізінші сыныпта оқиды. Болашақта ол да Отан қорғаушылар қатарына бармақ. Мен оларды құрметтеймін  және жақсы көремін. Маған бейбіт өмірде де пайда әкелуге мүмкіндік берген кеншіме алғысым шексіз. Ауғанстандағы соғыстан кейін көптеген жігіттер өмірден өз орындарын таба алмағаны жасырын емес. Егер шахтерлар болмаса мен өзім қайда болар едім, білмеймін. Мен Жезкентке 1995 жылы келдім. Себебі туған ауылымда жұмыс жоқ еді. Жезкенте үңгуден бастадым. Сосын дизельді көлік учаскесіне ауыстым, бригадир болдым. 2010 жылы кәсіби ауруыма байланысты жер бетіне ауыстым. 8 жыл бойы жөндеу-механикалық цехында слесарь болып жұмыс істеп жүрмін.


Талғат Хасенов, тау-кен учаскесіндегі САТ автокөлігінің операторы («KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС)

Мені 2009-2016 жылдары келісімшарт бойынша 55524 ә/б Қаруландыру бас басқармасында жүргізуші болып қызмет еттім. Бұл Теміртау қаласы еді. Әскери қызмет барысында менің лауазмым жоғарылап, бөлімше командирі атанып, кіші сержант шеніне ие болдым. Тағы жарты жылдан кейін үздік нәтижелер үшін маған сержант атағы берілді. 

Ал 2009 жылы ҚР Конституциясы күніне орай өткен алғашқы әскери парадқа қатысқаным үшін маған республика қорғаныс министрінің алғыс хаты табысталды. Қызметім барысында мемлекет менің Отан үшін атқарған қызметімді елеп, марапаттап отырды. Әскери жылдарым үшін өкінбеймін. Әскер мені көптеген жақсы және пайдалы дүниелерге үйретті. Менің ойымша әрбір ер адам әскерге баруы тиіс. Қазақстан Республикасына қызмет етемін!


Сергей Кузьмич, тау-кен учаскесіндегі САТ автокөлігінің операторы («KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС)

Мен 1983-1985 жылдары әскерде болдым. Ауғанстанның Джелалабад қаласы. Әскери әуе күштері. Қызмет барысында маған сержант атағы мен бөлімше командирі лауазымы берілді. Менің ойымша әскери қызметтің ешкімге зиян емес. Керісінше, берері мол. Әскерде жүргенде бейбіт замандағы әрбір күніңді, сәтіңді бағалайсын. Барлық қызметтестерім Украина мен Ресейден келген жігіттер. Кейбіреулермен әлі күнге дейін әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұрамыз. 15 және 23 ақпанды, 7 және 9 мамырды отбасыммен және достарыммен атап өтемін. Міндетті түрде үнсіздік минуты арқылы майданнан оралмаған достарды еске аламыз. Барлық адамдарға бейбіт заман тілеймін.

 

Әлібек Мәмиленов, Алматы

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items