В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Әр сағат сайын бір олимпиадалық бассейнді толтыра аламыз

17.07.2019

Қарау саны: 28

; assetEntryID = 693433

Катодты мысты өндіру – қызықты, әрі көп сатылы процесс. Оксидті кендерді өңдейтін кешен жабдықтарының ақаусыз және тиімді жұмыс істеуіне жұмыс жағдайларының қауіпсіздігі, өнімнің сапасы, өндірістік жоспарды орындау сияқты көптеген дүниелер тәуелді. Бұл туралы Ақтоғай КБК-нің жабдықтардың сенімділігі жөніндегі (оксидті кендерді байыту учаскесі) қызметтің бастығы Стефен Мюллер айтып берді.

- Оксидті кендерді өңдеу жөніндегі кешенде қолданылатын жабдықтар, олардың техникалық сипаттамасы мен артықшылықтары туралы айтып берсеңіз.

- Ақтоғай КБК-нің тотыққан кендерді өңдейтін кешенін «Оксидті зауыт» деп те атайды. Себебі, біз мыс оксиді минералы бар жыныстарды өңдейміз. Біз тау жыныстарынан мысты бөліп алу үшін SX/EW (еріткішпен экстракция және электролиз) деп аталатын гидрометаллургиялық процесті қолданамыз. Кенде орта есеппен 0,4% мыс бар. Сондықтан өндірістік процесс тиімді және үлкен ауқымды болуы тиіс. Былтыр оксидті зауыт шамамен 25 732 тонна мыс өндірді.

Жабдықтарға келер болсақ, қонақтардың көпшілігін  катодтарды тазалайтын машинаның (CSM) жұмысы қызықтырады. Ол катодты мыс бар аяққы өнімді өңдейді. Бұл машина мыстың клиентке жөнелтуге дайын, қапталған түріне дейінгі кезеңінде жұмыс істейді. CSM – бұл екі робот пен қолмен өңдейтін арнайы конвейерлерден тұратын автоматты өндірістік машина. Роботтар командамыз үшін процесті жылдам, әрі оңай етеді. Олар күніне 100 тоннаға дейінгі жылдамдықпен мысты өңдей алады. Біз қолданатын роботтар Жапониядан жеткізіледі және оларды Yaskawa компаниясы шығарады. Олар автокөлік шығару кезінде қолданылатын роботтарға ұқсас. Оксидті зауытта роботтарды және басқа автоматты технологияларды пайдалану білікті механиктерді, электриктерді, прибор жасаушылар мен инженерлерді жұмысқа аламыз дегенді білдіреді. Олар ағымдағы жөндеуге көмектеседі және жоғары өнімділікке мүмкіндік беретін процестерді жетілдіреді.

Жалпы мыс  өндірісі сұйылтылған ерітіндіні сілтісіздендіру алаңына жеткізуден басталады. Біз орталықтан қозғалатын сорғылар арқылы негізгі өңдеу зауытынан шамамен екі километр қашықтықта орналасқан сілтісіздендіру алаңына қышқыл ерітіндісін жеткіземіз. Біз секундына 600 литр жылдамдықпен ерітіндіні қысыммен ағызамыз. Мұндай жылдамдықпен біз әр сағат сайын бір олимпиадалық бассейнді толтыра алады екенбіз.

Бұл процессте көп мөлшерде күкірт қышқылы қолданылады – шамамен күніне 1200 тонна. Қышқыл КБК-не теміржол арқылы жеткізіліп, арнайы резервуарларға сақтау үшін құйылады. Мұндай көлемдегі қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік аса маңызды.

Қызықты мәлімет: SX/EW процессінде қолданылатын күкірт қышқылы - мыс балқытудың жанама өнімі. Сөйтіп, балқыту процессінің жанама өнімі өндіріске қайта келіп, одан да көп мысты өндіруге қатысады!

Біз тығыздығы жоғары көптеген полиэтилен құрбырлады пайдаланамыз. Олардың кейбіреулері қуаты - 16 бар немесе 1600 кПа. Тығыздығы жоғары полиэтилен құбырлардың артықшылықтары көп – олар жеңіл, пайдалануға оңай, болат құбырларға қарағанда, коррозияға төзімді. Жұмыс барысында қышқыл пайдаланатындықтан, кейбір технологиялық ыдыстарда шыны талшықтары қолданылады, сонымен қатар, тат баспайтын болат және болат пен алюминийдің қоспалары бар.

Біздің процестерде химиялық ерітінділерде жылуды сақтап тұратын екі электр қазандығы мен бірнеше жылу алмастырғыштар бар. Ең ірі қазандықтың шартты ең жоғары қуаты 22 500 кВт. Қазандықтарды Норвегияда орналасқан Parat компаниясы жеткізеді. Қазандықтардың маңыздылығы қыста ерекше. Дегенмен олар жазда да керек.  Технологиялық ерітінділердегі тұрақты температураны сақтай отырып, біз химиялық процестің тұрақтылығын қамтамасыз етеміз. Яғни, мысты жоғары жылдамдықпен өндіре аламыз.

- Әдетте қандай жабдықтар керектігін кім шешеді? Айталық, тамшылап суландырудың орнына спринклерлі жүйені орнату керектігі дегендей…

- Көбінесе қажетті жабдықтар туралы шешімді өндірістік бригада қабылдайды. Жабдықтарды таңдау процестің жалпы өнімділігіне үлкен әсер етуі мүмкін. Өндірістік команда шешім қабылдай отырып, басқа қызметкерлермен, айталық, механиктермен және электриктермен ақылдасады.

- Кешен іске қосылған сәттен бастап жабдықтар саласында қандай өзгерістер орын алды?

- Оксидті зауыт үш жарым жылдай жұмыс істеп келеді. Өндіріс басталғалы бері көптеген игі өзгерістер орын алды. Көбінеки жабдықтардың өнімділігін арттырып, процесті жақсарту үшін бар болғаны аздаған өзгерістер енгізу немесе кейбір құрамдас бөліктерді ғана жаңарту жеткілікті.

Айтарлықтай өзгерістердің арасында мыналарды атап өтуге болады.

CSM (катодтарды тазалау машинасы) бойынша көптеген шағын және қымбат емес өзгерістер болған. Олар қол жетімділікті 95%-ға дейін жеткізді. Құралдар мен датчиктер жағынан біршама өзгерістер енгізілді. Кейбір қосалқы бөлшектер бойынша жеткізуші компанияны ауыстырып, қазір Алматы қаласындағы Festo фирмасынан пневматикалық бөлшектерді алып отырмыз. Сонымен қатар, пневматика мен автоматизация саласындағы арнайы оқыту командамызға пайдалы болды.

PLS және Raffinate сорғыларында пайдаланылатын тығыздағыштың арқасында сорғының өнімділігі жақсара түсті. Бұл нығыздағыштың пайдалану мерзімін ұзартып, процестің сенімділігін арттырды.

Жұмыста қолданып жүрген көпірлі крандар да көптеген өзгерістерге ұшырап, олардың қауіпсіздігі мен өнімділігі жақсарды.

Орталықтан айналатын Tricanter сүзгісі өндірістегі қоспаларды жоюда тиімділігін көрсетті.

Сілтісіздендіру алаңында да игі өзгерістер жоқ емес. Операциялардың бұл бөлігі көп еңбекті талап етеді. Бұл қысы-жазы тоқтамай, жалғасатын процесс қой. Мұнда сілтісіздендіруді жақсартқан немесе процесті оңайлатқан шаралар іске асты.

Қызмет көрсету мен құралдар да өзгерді. Механиктер сорғыларды, муфталарды және электрқозғалтқыштарды түзеу үшін лазерлі құралдарды қолданады. Сорғы жөндеуден өткен соң оны іске қоспас бұрын тербелуді анықтайтын арнайы өлшегіштерді қолданамыз. Сол арқылы ұсақ-түйек ақауларды анықтап, олардың ірі проблемаларға айналуына жол бермейміз. Бұл шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Оң өзгерістер мен жетілдіру тоқтамайды. Биылға және 2020 жылға дейін жоспарланған өзгерістердің тізімі бар.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items